«Мемлекеттен қайтарымсыз миллиондарды алып беремін». Осылай деп Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының мамандары ондаған адамды сазға отырғызып кеткен. Қайтарымсыз грантты алып кәсіп бастаймын дегендер енді соқыр тиын таппай сенделіп жүр екен. Тіптен кейбір оңай олжаға кенелгісі келгендер алаяқ сұраған ақшаны беру үшін несие де рәсімдепті. Мән жайды толығырақ әріптесім айтып берсін.
Жиналған жұрт Мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант аламын деп алданып, қолындағы соқыр тиынына дейін санап беріпті. Оңай олжаға кенелгісі келгендер енді сан соғып отыр. Солардың бірі аты мен түрін көрсетпеуімізді өтініп сұхбат берді. Оның айтуынша, алданғандардың дені қарапайым халық екен. Енді кәсіп бастаймыз ба деп жүрген олар, көктиынсыз қалдық дейді
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - «Жұмыспен қамтудағы мемлекеттік 1 млн 200 мың теңгелік грантқа арадағы делдалға алданып, жұмыспен қамтуды істейтін Әсем, оның басшысы Айгүл, делдал Қарлығашқа алданып отрымыз. Группа ашылған арнайы. Оның ішінде 61 адам отыр. Бұл адамдардың барлығының жағдайы төмен, қарапайым халық неге үнемі алданып отырады. Қазыр полиция бөліміне келіп отырмыз. Ісіміз қаралып отырған жоқ».