Түркістан
EN

Мемлекеттік тіл мәртебесі

172
01.07.2021

Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер түгел қазақ тілінде сөйлейді. Іс-қағаздары да тек мемлекеттік тілде жүреді. Бүгін Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің тіл мамандары шығарған «Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілді қолдану тәртібі» атты кітаптың тұсауы кесілді. Сондай-ақ төтеншеліктер арасында қазақ тілінен сайыс өтті. Департамент тарапынан алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара ел тәуелсіздігінің отыз, облыстың үш жылдық мерейтойына орайластырылған. Алайда ол алдағы уақытта да жалғасын таппақ.