Түркістан облысында әрбір үшінші кәсіпкер әйел азаматы. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында мәлімделді. Бүгінде өңірдегі жалпы шағын және орта кәсіпкерліктің саны 155 мыңнан асқан. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» өткен жылы Түркістан қаласында құрылды. Орталыққа 500-ден астам кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алу үшін жүгінген. өткен жылы кәсіпкерлерге 25 млрд. теңгеге 6%-бен 1371 жеңілдетілген несие берілген болса, қолдау алған жобалардың тең жартысы – нәзік жандылар. Осы жылдың 6 айында 9,6 млрд. теңгеге 274 жоба қолдау алып, оның ішіндегі 48%-ы әйел кәсіпкерлердің үлесінде.