Түркістан
EN

Кентаулық діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді

224
01.08.2022

Деструктивті-діни ағым жақтаушысынан есірткісі тәркіленді. Күдіктіні Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп қолға түсірген. Жедел уәкілдер азаматтың Кентау қаласындағы тұрғылықты мекен жайына тінту жүргізді. Нәтижесінде, үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткі затына ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. 

Тәркіленген заттарға сараптама тағайындау барысында «сора» өсімдігі болып қорытындысы шықты.  Аталған жайт бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 300 бабы, 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай ақ, тұрғын үй ауласынан 300 келіден астам сора есірткісі мен көкнәр еккен азамат құрықталды. Тарқатып айтсақ, Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйінде есірткі затын өсіру бойынша хабарлама түскен. Іздестіру барысында өсіруге тыйым салынған 300 түп жасыл түсті өсімдік табылды. Одан бөлек, 180 түп «көкнәрға» ұқсас зат тәркіленді. Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабына сәйкес іс қозғалды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Оларға тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, 340 келі болатын сора есірткі заты екені. Ал екінші анықталған зат көкнәр есірткі заты екені анықталған. Аталған жайт ҚР ҚК 300 бабы және ҚР ҚК 296 бабы яғни құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіргені бойынша тіркелді.