Мақтаарал ауданында жаңадан 6 мектеп бой көтерілуде. Оның ішінде 300 орынды 2, 200 орындықты 4 білім ошағы бар. Бұдан бөлек, аудандағы бірқатар құрылыс қарқынды жүрігізілуде. мәселен Мырзакент кентінде әкімшілік ғимараты мен спорт сарайы салынуда. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталғаннан соң Мырзакент кентінде орталық саябақтың құрылысы да басталады. Ауданға қарасты Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінде мәдениет үйі мен кітапхана да ел игілігіне берілмек.