Түркістан
EN

Шымкенттік бойжеткен абайсызда 3 қабаттан құлап кетті

210
01.08.2022

Шымкенттік бойжеткен абайсызда 3 қабаттан құлап кетті. Ол көпқабатты үйдің 1 қабатына жапсарлас орналасқан сауда орталығының шатырына құлаған. Бұл туралы хабарлама қалалық ТЖД-ның бірыңғай кезекшілік басқару пунктіне таңғы 8 шамасында түскен. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбадан 1997 жылы туған азаматшаның орнынан қозғала алмай жатқанын байқауға болады.

«Хабарлама бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың 4 құтқарушысы оқиға орнына жетіп, альпинисттік құралдарын пайдаланып, шатырдан түсірді. Зардап шеккен азаматшаны (оң аяғы жабық сынық) жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды».