Ертеден төрт түлік бағып келе жатқан қазақ халқы үшін қоян өсіру таңсық дүние. Алайда, соңғы кездері осы бір істі кәсіп етіп, қыруар пайдаға кенеліп жүргендер бар. Солардың бірі Бәйдібектік Шарипа Әбдіжаппарқызы.
Ал, менің көжектерім, балапандарым қалайсыңдар? Қарындарың ашып қалды ма? қазір сендерді тез-тез тамақтандырып жіберейін.
Бұл - Шарипа Әбдіжаппарқызы. Жасы 58 де. Күнделікті жұмысы осы қояндары мен қорадағы ешкілеріне қараумен басталады. Апай қалада 35 жылдай тұрып, кейін ауылға қайта келіпті. Міне содан бері мал ұстапты. Кейін қоянды қызық ретінде баққан. Алайда соңында осы іске белсене кірісуді құп көріпті. Алдымен қоянға арнап тақтай, темір торкөздер сатып алып, қора салады. айтуынша, шаруашылықты дөңгелетіп әкету алғашқыда қиынға соғыпты.
«Біз дәл қазір Боралдайдағы Шарипа апайдың қоян өсіретін бағында тұрмыз. Мұнда үлкені-кішісі бар қоян көжекті саны 50. Қоянның 3 түрі өсіп жатыр. 1 француз қойы, калифорния, үшіншісі пландр деп аталады. Бұл 10 келіге дейін ет береді. Дәл қазіргі салмағы 6 кило.»