Түркістан облысында 6 жасар ұлын балталап өлтірген әкеге қатысты сот отырысы басталды. Қатігездік жасаған әке өз қылмысын мойындады. Ал жұбайы болса соттан, 5 баланың әкесіне кешірім беруді сұрады. Жасөспірімді мұншалықты айуандықпен өлтіруге не себеп, куәгерлер не дейді. Толығырақ алғашқы сот отырсына қатысқан тілшіміз Айдос Игіліков айтады.
Бұл голивуд ұсынатын қорқынышты киноның кадрлары емес. Түркістан Облысында тіркелген қорқынышты жағдай. Полицейлерге тергеу кезіндегі күдіктінің өз қылмысын суреттеген кезі. Анығы қара балтамен, туған ұлының басынан бірнеше рет ұрған әкенің әрекеті.
Сұмдық жағдай былтыр Наурыз айында болған. Сайрам ауданының тұрғыны 6 жасар кенже ұлын тоғайға алып барып, соңынан басын дөңге қойып, балтамен шапқан. Ол бүгін өз ұлын өлтіргенін мойындады. Ал 21 жыл отасқан жұбайы болса, бәріне жоқшылық себепші болды дейді
КҮДІКТІНІҢ ӘЙЕЛІ Алдында өзі айтып жүретін еді. Жоқшылықтан мен немесе өзім өлгім келеді деп жүрген.
Отырысқа сотталғанның тарапынан туған 2 бауыры келді. Сұмдық жағдайға байланысты мемлекеттік айыптаушы күдіктіге 15 жыл жаза беруді сұрады. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес қылмысқа барған азамат ақыл-есі дұрыс, және қылмысқа қасақана барғаны анықталып отыр.
АНАРХАН БЕКХОЖИЕВ-ПРОКУРОР
99 баптың 3 тармағына сүйене отырып 15 жыл беруіңізді сұраймын.
Ал қорғаушы Еркінбек Бимеш 5 баланың әкесіне рахымшылық жасауды сұрады. Оның үстіне күдікті бұрын соңды сотталмағанын жеткізді.
ЕРКІНБЕК БИМЕШ- ҚОРҒАУШЫ
Менде бұндай жағдай алғаш рет. Туған ұлын ақшаның жоқтығын ұрып өлтіруі.
Қазіргі сәтте аты шулы оқиғаға Түркістан Облыстық Қылмыстық Істер Және Мамандандырылған Ауданаралық Сотынында талқылануда. Судья дәл бүгін шешім шығармады. Процесс жұма күні жалғасады.