Түркістан
EN

Қазығұрт аудан әкімі халыққа есеп берді

227
29.07.2022

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің халықпен кездесуі жалғасуда. Бұл жолы аймақ басшысы Сарапхана мен Қарабау ауылдық округ тұрғындарының мәселелерін тыңдады. Кездесуде тұрғындар электр жарығы, жайлымды жер, ауызсу, көгілдір отын мен трансфарматорларды жаңарту бойынша арыз-шағымдарын айтты.  Тиісінше аудан әкімі жауапты мамандарға тапсырма берді. 

ОРЫН ЕРБОСЫН – ҮШБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ БИІ 

Тыңдайтын үкімет дегендей әкімнің халық алдына келіп, мұң-мұқтажын тыңдауы бір керемет дүние екен. Жиналғандар өзінің сұрағын қойып, сұрағына жауабын алды. Шешімін таппай жүрген, қордаланып қалған мәселелер жөнінде айтты. Менде өзімнің ауылымдағы Үшбұлақ елді мекеніндегі жол мәселесін көтердім. Бұл мәселеде ол кісі сол жерде жауапты басшыларға тапсырма жүктеп, уәдесін берді. Уәдесін орындайды деп сенемін. 

 Кездесуден кейін әкім жергілікті тұрғындардың өзге де мәселелерін жеке қабылдауында тыңдады. Айтылған өтініштер мен ұсыныс пікірлердің аяқсыз қалмайтынын алға тартты.  

 ДОСМЫРЗА ШЕРМАХАНБЕТ – САРАПХАНА АУЫЛЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 

Игілікті істер бойынша ауызсу мәселесі, жайылым жөнінде жарықтандыру жөнінде мәселелерді шешуге ықпал етіп отыр. Алдағы уақытта да осындай кездесулер болып, елдің проблемасы шешілсе. Аудан әкімі осы халықтың арасында жүріп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдағаны халықпен бір екенін білдіреді. Әкім бол, халқыңа жақын бол деген тіркеске сай болса.