Түркістан
EN

Шетелдегі қазақ балалар Бурабайда демалды

237
29.07.2022

Қандастарымыз Бурабайда бас қосты. “Отандастар Қорының” ұйымдастыруымен шет елде тұратын 12-17 жастағы қазақ балалары жазғы лагерде демалды. Атамекенге деген сағынышын басып,  өзара ынтымақтастық орнатты. 

Бек-али Заңғар Моңғолияның Баян-Өлгий баурайынан Бурабайға жолдама алғандардың бірі. Жазғы демалысын атажұртта өткізіп жатқанына дән риза. Бұл оның Қазақстанға алғаш келуі. Ерекше әсер алған қандас бауырымыздың қуанышында шек жоқ 

БЕК-АЛИ  ЗАҢҒАР – МОҢҒОЛИЯДАН КЕЛГЕН ҚАНДАС 

«Бізге лагерь өте ұнап жатыр. Әрбір елден келген достарымызбен, қандастарымызбен танысып, бәрімен танысып жатырмыз. Мұны ұйымдастарымыз жатқан отандастар қоры, айқанат мектебіне алғысымды білдіремін. Лагерьден көп нәрсе үйрендік. Шетінен садақ атқаннан бастап, футболдан сайыстар болды. Соның барлығынан көп әсер алдық. Әдемі болды. Мен болашақта Қазақстанда өзімнің қандастарымның жанында жоғарғы оқу орнын оқығым келеді». 

“Отандастар Қоры”  12-17 жастағы 84 шет елдік қазақтың басын тұмса табиғаты ерекше көкшенің төрінде қосты.  Жазғы лагерде қандастарымыз құр жатпай, ұлттық спортты ұлықтап,  тіл үйрету үйірмелеріне де қатысты.  Салт-дәстүрімізді жаңғыртып, төл өнерімізбен сусындады

«Бізге сеніп жіберген ата-аналарыңызға көп рахмет. Барынша бар нәрсені үйретуге тырыстық.Уақыттарыңыздың тиімді өтуіне жоспарладық. Қазір осы жерге келіп оқуға болады ма деген көп сұрақтар қойылып жатыр. Әрине болады. Сіздерге елімізде көптеген жағдай жасалған. Есігіміз әрдайым ашық!»

Лагерге Франция, Түркия, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мен Ресейден арнайы балалар шақырылды. 2 аптаға жуық демалысты ұйымдастырушылар  гала-концертпен қорытындылады.