Түркістан
EN

Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру қарқынды дамуда

210
29.07.2022

Түркістан облысында жергілікті атқарушы органдармен үкіметтік емес ұйымдар арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған. Бүгін өңірдегі сала ұйымдарының жұмысы мен әлеуетін дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру мен бірқатар мәселелер талқыланды. Айта кету қажет, былтырдан бері облыс бойынша белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерімен 3 мың адамды қамтыған 120-дан астам іс-шаралар өткізілген. Бүгінде Түркістан облыстық азаматтық альянсына қарасты 30-ға жуық үкіметтік емес ұйым бар.

ШӘРІПБЕК ЖАМАЛБЕКҰЛЫ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

ең басты мәселе үкіметтік емес ұйымдардың түрлі республика,облыс,аудан деңгейінде өткізіліп жатқан гранттарға қатыстыру.ондағы басты мәселе құжаттар дайындау.бізде үкіметтік емес ұйыс қызметкерлері көбінесе құжан дайындауда кемшіліктер жіберіп жатады. Міне соны болдырмау үшін арнайы облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен арнайы қаржы бөлініп,істелініп жатқан тірліктер.