Дүйім жұрт тағатсыздана күткен Tокио олимпиадасына Түркістан облысынан 5 спортшы қатысады. Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев дүбірлі додадаға баратын спортшыларды қабылдап, жеңіс тіледі. Кездесуде демеушілер есебінен әрбір спортшыға 1 млн.теңге, олардың бапкерлеріне 300 мыңнан қаржылай сыйлық табысталды. Айта кетсем, төртжылдықтың басты додасында Түркістан облысынан боксшы Сəкен Бибосынов, дзюдодан Дидар Хамза, байдарка жəне каноэ есуден Наталья Сергеева, параканоэдан Бибарыс Спатай және академиялық есуден Владислав Яковлев бақ сынайтын болады. Олимпиаданың лизенциясын жеңіп алған спортшыларға Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеев ақыл-кеңесін айтып, жеңіспен оралғандарды үлкен тосын сый күтіп тұрғанын жеткізді.