«Мемлекеттік қызметкерлер мүліктеріңізді жасырмаңыздар!». Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаменті осыны ескертеді.Бастысы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінен қалып қоймау керек! Тиісті құжаттар осы жылдың 15-қыркүйегіне дейін тапсырылады.. Бұдан бөлек маңызды науқанның екінші кезеңін де түсіндіріп, ешкімнің ешнәрсесі қалып кетпеуін талап етті. Мүлікті электронды үкімет арқылы тіркеу , небәрі 2-3 минут ғана уақытты алады екен. Әзірге кімнің тапсырылмағаны белгісіз. Салық базасын көбейтуді көздейтін бастаманың басты мақсаты- көлеңкелі экономика мен сыбайластықтың алдын алу дейді ұйымдастырушылар
ЗАГИТ ЖАППАРҚҰЛОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАЛПЫ ДЕКЛАРАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Біздің бүгінгі білім саласына келіп жүргізіп жатқан іс-шарамыздың негізгі мақсаты- жалпыға бірдей декларцияға өткізу елімізде 2021 жылдан бері жүргізіліп жатыр. Соның түсіндіру жұмыстарын 270-ші үлгідегі салық есептік көрсеткіште толтырулары, тапсыру мерзімдері,қалай табыс ететін мүмкіндіктері жайында қысқаша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келдік. Біз осыған дейін жалпы декларциядан өткізу 4 кезеңнен тұрады. 2021 жылдан басталды».