Халықтың саны артқан сайын сәйкесінше тұрмыстық қалдықтар да көбейеді. Биыл жарты жылда облыс аумағынан 47 140 тонна қалдық жиналыпты. Облысымыздағы қоқыс полигондарында көбіне тазалық сақталмайтын көрінеді. Еске сала кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес облыста тазалық жұмыстары бойынша тексеру жүргізілген болатын. Қазір жағдай қалай?Тазалық жұмыстары жайлы толығырақ келесі материалда.
Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында саябақтар мен аллеялар саны артып келеді. Аумағы 495 гектарға жеткен. Сондай-ақ ауаның ластанбауының алдын алу үшін жеке секторлар мен көпқабатты тұрғын үйлердің 90%-дан астамы табиғи газға қосылған. Алайда, экологияның жақсаруы үшін қажетті абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан сайын сәйкесінше күл-қоқыстардың да саны артқаны жасырын емес. Бұл мәселеде қала тұрғындары мұқият болып, бағбандардың еңбегін бағаласа дейді табиғи ресурстар басшысы.
ҚАЙРАТ АБДУАЛИЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгінде әлемдік деңгейдегі мәселердің бірі саналатын тұрмыстық қалдықтардың қайта өңделуі басты назарда. Аталмыш мәселені шешу үшін облыс аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигон орындары белгіленген. Қазіргі таңда 6 ай ішінде жиналған 47 140 тонна қалдықтың 7 108 тоннасы қайта өңделуде. Алдағы уақытта тағы 37 полигонның құрылысын жүргізу үшін қаржы қарастырылып жатқан көрінеді.
ҚАНАТ ҚАЛМАХАН – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Қаланың көркеюі жасыл желектерге тікелей байланысты. Ал жасыл желектердің экологияға әсері мол. Сондықтан табиғатты қоқыстан қорғау үшін азаматтық белсенділік танытып, ластамауға тырысу қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың парызы.