Түркістан облысында мас халде көлік басқарған әйел 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Түнгі уақытта «volkswagen golf» маркалы автокөлігін тізгіндеген ол, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен. Патрульдік полиция қызметкерлері көліктің алдына шығып,ережені елемеген әйелді тоқтатқан. Әрі қарай жүргізуші әйелге қатысты сараптама тағайындалып, нәтижесінде оның «орта дәрежелі» мас халде екені белгілі болған.
ГҮЛНАР АБДУЖАППАРОВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші әйелдің мас екені расталады.осыдан соң аудандық полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес жүргізуші әйелге қатысты барлық іс-құжаттарды жинақтап, аудандық сотқа жолдады. Соттың шешіміне сәйкес жүргізуші әйел 7 жылға көлік басқару құқынан айырылды.