Түркістан
EN

«Қазавтожол» облыстық филиалының директоры қызметінен босатылды

32
29.07.2022

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметінен босатылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше мұндай қадамға барудың басты себебі өңірде жолдың сапасына қатысты жолаушылардың шағымы көбейген. Сондай-ақ, Қоғам төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланыпты. Ал, жолдарды күтіп ұстау сапасын тиісінше бақыламағаны үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы басшысына да тиісті тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды. Еске салайық, биылдың өзінде «Самара – Шымкент» тасжолының ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы бірнеше рет көтеріліп кеткен болатын. Тиісінше,  көліктердің жүруіне кедергі тудырған еді.