Түркістан
EN

Алтынның бағасы аспандап тұр

355
29.07.2022

Қазақстанда алтын тағы да қымбаттай түсті. Бір айдан бері ресейлік, италиялық және түркиялық зергерлік бұйымдар 20-30 пайызға шарықтап шыға келген. Бағаның бұлай құбылуына доллардың құнының көтерілуі себеп болса керек. Оған шетелден бізге жеткенше кететін шығын да әсер ететіні анық. Мұндай факторлар әсер етпейді дейтін өзімізде өндірілетін алтынның да арзаны жоқ. Неге бұлай?  Тілшіміз тарқатып көрсін. 

Алтын бағасының шарықтауын сатушылар доллар бағамымен байланыстырады. Мәселен  былтыр бағалы тастың  грамы 16 500 теңге төңірегінде болса, қазір 18 мыңнан сатылып жатыр екен. 

ДАМИР САҒЫНТАЙ-САТУШЫ

Ақпан айында 27 мың теңге грамына болды. Содан соң 19 мың теңге грамына түсті. Содан соң қазір 23 мың теңгеге грамына көтерілді. Осы жаңағы доллардың көтерілуіне байланысты.

Алайда алтын өзімізде де өндіріледі. Сапасы да құрамы да шетелден келетін зергерлік бұйымдардан кем емес дейді сатушылар. Алайда тұтынушылар шекара асып келетін бұйымдарды алғанға құмар екен.

МАХАББАТ ӘБІШОВA-САТУШЫ 

Екі алтынның да құрамы бірдей. Тек қана жолдың жаңағы шығынына ғана төлейді. Ал жалпы екі алтын бірдей бағада, ломбардқа өткізсе де, сатса да 585 пробада болады. 

Ал тұрғындар зергерлік бұйымдардың бағасын сатушылар әдейі көтеріп отыр дейді. Айтуларынша, несие алып, соңғы тайын сатса да, туыс-жекжатын алтынмен аптайтын тойдың маусымында көп кәсіпкерлер ойына келген бағасын қояды. Әйтсе де қалтаға салмақ салғанына  қарамастан,  қатардан қалмас үшін алмасқа амалымыз жоқ дейді.

АҚМАРАЛ МАҚАТЕВА-ТҰРҒЫН 

-Біздің қазақ өзі тақпаса да, құдаларын ренжітпей, бұрын арада арба жүруші еді, қазір алтын жүретін заман ғой?! Алтынды мен қазір 150 ден сұрап едім, одан сәл қымбаттап қапты.

Бағаға келгенде, зергерлік қауымдастық өкілдерінің түйіні жалғыз. Яғни, сұраныс бар жерде, қауіпсіз активтің құны қымбаттай бермек. Оның үстіне доллардың дегені жүріп тұрған, ойын-сауық салтанат құрып тұрған шақта аспандаған алтын бағасын ауыздықтау әзірше қиын дейді.