Түркістан
EN

Түркістанда заманауи экобазар ашылды

97
29.07.2022

Заманауи  Экобазарының  ашылуы өтті. Салтанатты рәсімде арнайы ас беріп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сауда орнының ерекшелігі неде? Халыққа қаншалықты ыңғайлы? Толығырақ тілші бейнематериалында.

Жаңадан ашылған базар 14 гектар жерді алып жатыр. Енді тұрғындар жаңа әрі жайлы сауда орнында көтерме бағамен өз керегін ала алады. Қазір мұнда 3 мыңға жуық сауда нүктесі бар. Әйтсе де, дүңгіршектер толығымен жалға алынбаған. Кей орындардың бос тұрғандығы сондықтан. Дегенмен өз саудасын бастаймыз деген кәсіпкерге арнайы 2-3 пайыздық  несие ұйымдатырылған. 

БАТЫРХАН ИСАЕВ- «ЭКБАЗАР» ДИРЕКТОРЫ

Біздің тілек мақсатымыз елді жұмыспен қамтамасыз ету. Тікелей Қазақстандағы шет елдегі өнім өндірушілермен байланысқа шыққанбыз. Қазір өздерінің қоймаларын ашып жатыр. Бұрынғыдай адамдар Алматыға барып, Шымкентке барып тауар тасып жүрмейді. Осы жерден тікелей алып, байланысқа шығады. Орын береміз. Орындар ол кісілерге,  жалпы тегін.

Ең тиімдісі заманауи  базарда диқандар өз өнімдерін бір қолдан делдалсыз тікелей сату мүкіндігіне ие. Ол үшін қажетті жағдай толықтай жасалған. Қазір мұнда 900-орын азық-түлік, 1500 орын киім-кешекке арналса, жиһаздарға 1000 шаршы метр дайын тұр. Бір сөзбен айтқанда кәсіп дөңгелетуге ыңғайлы.

НҰРДАУЛЕТ БЕКТҰРСЫН-БЛОГЕР 

Аллаға шүкір бүгін Эко базарға келіп отырмыз. Өте керемет халық жиналыпты. Жаңа Қазақстан жаңа қала салып жатыр соған орай жақсы жерде орналасқан. Осы жерден базардан неге бутик алмасқа жақын жерде тұратын болсам. Мен мүмкін ойлап отырмын осы жерден құдай қаласа Түркістанды қолдап бәрі келіп жатса. Осы жерден бутик ашу ойда бар. Киім болсын, аксесуар болсын. Кез келген заттарды осы жерден ашу ойда бар.

Айта кетейік, сауда орталығының ашылуына орай, тұрғындарға ас беріліп, концерттік бағдарлама өтті. Ал халықтың басым бөлігі  базардың тезірек халыққа қызмет еткенін қалайды.