2025 жылға дейін 2 миллионнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Президент қабылдауында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионннан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылмақ. 1 шілдедегі мәлімет бойынша 249 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 56 пайызына сәйкес келеді. Сондай ақ, Тоғжанов жалақы мәселесіне де тоқталды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндіріс бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымындағы 1,2 миллион еңбеккердің жалақысы өскенін баяндады.