Түркістан
EN

Шымкенттегі атшабардың орнына бой көтерген тұрғын үй сынның астында қалды

17
29.07.2022

Шымкенттегі атшабардың орнына бой көтерген тұрғын үй сынның астында қалды. Бұл салынып жатқан үйдің жобасы ешқандай сараптамадан өтпеген дейді еліміздің сәулетшілер одағының басшысы.  Халық жаппай қарсы шыққан құрылысты қолдаған қоғамдық кеңесті де сөзбен сөкті. Естеріңізде болса, шымкенттіктер мен BI Group-тің арасында ескі ипподромға қатысты дау туындаған еді. Қала жұрты тарихи нысанға қол тигізуге түбегейлі қарсы шыққан. 

 СЕРІК СҰЛТАНҒАЛИ – ҚАЗАҚСТАН СӘУЛЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

«Сәулет саласында қордаланған мәселелердің мысалын бүкіл республика бойынша келтіруге болады. Шымкентте де негізгі проблемалар бар. Бүгінгі таңда Қоғамдық кеңес деген бар. Бұл Қоғамдық кеңестер осы сияқты мәселелерді тиімді шешудің құралы болып кеткен. «Иә, біздің азаматтарға үнемді баспана керек. Арзан баспана неғұрлым көп болса, халыққа соғұрлым жақсы» деген ұстанымды тықпалады. Бірақ ол құрылыстың жобасы ешқандай сараптамадан өтпеген. Соған қарамастан салынып жатқаны көңілге келеді».