Түркістан
EN

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң күшейеді

426
28.07.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң күшейеді. Қазіргі құнды құжаттың кем кетістігін көпшілікпен кеңесе отырып қана түзетуге болады. Осы мақсатта облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті бүкіл өңірдің белсенді азаматтарын жинап олардың пікірін тыңдады.  Толығырақ әріптесім Дина Айтбекова айтып береді. 

Абсамат Маткәрімұлы Сауран ауданындағы иесіз иттерді атуда белең алған жемқорлыққа қарсы. Оның айтуынша, ит ататындар жануарларды заңсыз аулағаны былай тұрсын, ол үшін тұрғындардан 2500 тг алып келген. Осыны айтып шағымданған ауыл азаматтары көбейген соң аудандағы қоғамдық кеңестің төрағасы жиынға арнайы келіпті. Өздігінен бұл іс-әрекеттің заңдылығын анықтамақ болған, алайда ол мекеме мардымды жауап бермепті. 

АБСАМАТ МАТКӘРІМҰЛЫ -  САУРАН АУДАНЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Аудан тұрғындарынан көп арыз-шағым келіп түсті. Иттерді заңсыз аулап, атып кетіп жатыр деген. Негізі депутаттардың бекітіп берген заң бойынша бұлар ит, мысықты тірі аулап 2 ай тірі ұстау керек екен. Жалпы мемлекеттен ит басына 2700 тг бөлінеді екен. Біздің сұрауымызға келгенде питомник жоқ деп сылтауратып иттің барлығын өлтіріп тастап, көзін жойып отырған. Қазір енді заңның бәрі аяқ асты болып жатыр ғой. Сондықтан біз қазір сұрап жатырмыз. 

Бүгінгі семинарда талқыланған жемқорлық бойынша мәселелер бұл ғана емес.  Әсіресе  тұрғын үй  мен білім саласына қатысты шағымдар жиілеген.  Мәселен көпшіліктің мектеп директорларының бір орында бірнеше жыл тапжылмай отыратынана наразы.Ал, ауыл шаруашылығы саласында учаскелік жерлерді заңсыз беру бойынша қылмыстар жетіп артылады. 

 УАЛИХАН ҚАЙНАЗАРОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ

Қоғам кеңесін шақырып, бірге жұмыс жасайық дегені қоғамсыз бұл індетті ешкім жеңе алмайды. Дүниежүзінің практикасы сондай. Айтып отырғанымыздай қоғам ояну керек. Жастар бар білімді деген. Көріп, сөйлесіп жүрміз. Олар ешкімге ештеңе бермейді. Өйткені пара беретін тек білімі төмен азаматтар.

ЕРЖАН ЖҮНІСОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Бүгін біз қоғамдық кеңеспен жиын өткіздік. Агенттіктің міндеттеп қойып отырған тәуелсіз картасына сәйкес әрекет ететін боламыз. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа сай келетін қандай да бір қылмыс куәгері болған әрбір азамат арыздануға құқылы.

Статистика бойынша елімізде сыбайлас жемқорлық бойынша Оңтүстік өңірі көш басынан түспей келеді. Жемқорлықтан арылу үшін бар керегі параны беруші мен алушы да заңға бағынса болғаны. Айта кету қажет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде бұл облыс активінің басын қосып, қордаланған мәселелер талқыланған алғашқы жиын.