Түркістан
EN

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өнертапқыш зейнеткер тұрады

209
28.07.2022

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өнертапқыш зейнеткер тұрады. Ол ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелерді қолдан құрастырып шығарады. Он саусағынан өнер тамған шебер жемтартқыш, шөп турағыш, кірпіш құятын қондырғының түр-түрін қолдан жасаған. Ерекше өнерді бойына дарытқан жан туралы тілші баяндасын. 

Бұл – түктеп жиналған шөпті малға ұнтақтап, турап беретін құрылғы. Оның ерекшелігі бір ғана адамның еңбегімен бордақылау алаңындағы мыңдаған ірі қараны азықтандыруға болады. Өнертапқыштың айтуынша, аппарат тек шөп емес, жүгері соясы мен қамысты да турай береді екен. 

БЕЙБІТШІЛІК ӘЛІҚҰЛ -  ӨНЕРТАПҚЫШ 

Жантақ бар ма кәдімгі соны азық қылып жатыр қазір. Бүтіндей тастайды екен мал жөндеп жей алмайды. Мен соны 1 минутта 2-3 штугын турай береді жаңағы. Произв.үлкен да. Тракторға 3 мың ойлап тауып шығарып жатырмын да. 

Сынтас ауылындағы бұл үйдің ауласы бүгінде шағын зауытқа айналған. Қолдан жасалған құрылғыларға сұраныс та жоқ емес. Шебердің сөзінше, тапсырыс көбіне солтүстік және шығыс өңірлеріне түседі екен. Сондықтан өнертапқыштың ұлы Жәнібек те әке ізін жалғап жүр. Темірдің тілін жетік меңгерген ол бүгінде кез келген дүниені жасай алады. 

ЖӘНІБЕК ӘЛІҚҰЛ - ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ БАЛАСЫ 

Алдағы уақытта осы жұмысты ары қарай өршітіп, бұдан да жақсы жұмыстар алып, сондай істейтін алдымызда мақсат бар. Бірақ соған енді үкіметтен азын аулақ қаржы болса. Кәсіпорнымызды, жұмысты үлкейтер едік. 

Бүгінде Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 4 елді мекен бар. Онда 6600-ден аса халық тұрады. Тұрғындардың негізгі күнкөрісі мал және егін шаруашылығы. Сондай-ақ, Сынтас ауылында 40-қа жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысан халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Олардың саны халық сұранысына сай жыл санап  артуда.