Түркістан
EN

Өзін Ұлттық қауіпсіздік қызметкерімін деп алаяқтық жасаған азамат ұсталды

132
28.07.2022

Өзін Ұлттық қауіпсіздік қызметімін деп таныстырып, алаяқтық жасаған азамат ұсталды. Күдікті тұрғындардың Алматыдағы кедендік бақылауда тұрған бағалы заттарын алып беремін деп алдаған. Осылайша сенімге кіріп, 1 500 000 теңге ақшаны жымқырған. Тергеу барысында анықталғандай күдікті мен жәбірленуші Төрткөл мен Темірланға барар жолда танысқан. Жәбірленуші күдіктінің сөзіне сеніп, екеуі өзара келісімге келген. Алайда, ер адам ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен. Қазір  ол ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Түркістан облысының полицейлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін, ақшаны сеніп тапсырмауды сұранады».