Мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн, 200 мың теңге алудың жолдары жеңілдеді. Енді кәсібін кеңейткісі келетін азаматтар бұрынғыдай 21 күн емес, бар болғаны 1 аптаның ішінде "Бастау бизнес" жобасы аясында білім ала алады. Сондай-ақ құжат арқалап кеңсе аралаудың енді қажеті жоқ. Барлығы онлайн форматта жүргізіледі. Бизнес бастау жобасындағы өзгерістер туралы толығырақ әріптесім айтып береді.
Жыл сайын «атамекен» палатасы арқылы оқытылатын «бастау бизнес» жобасына биыл біршама өзгеріс енді. Жұмыссыздарға көмек, кәсібі барлардың ісін кеңейтуді көздеген бастамаға биыл өтініштер онлайн қабылданады. Ол үшін бизнес.enbek.kz порталы іске қосылған. Сондай-ақ 1 млн 200 мың теңге иемденгісі келетіндер оқитын курстың мерзімі бұрынғыдай 21 күнге созылмайды. Бар күш жігеріңізді салып тәлім алсаңыз бар-жоғы 1 аптада меңгеруге аласыз. Айта кетейік дәріс де интернет желісі арқылы жүргізіледі. Оқуды аяқтап болған соң тестілеудегі сұрақтардың 70 пайызына дұрыс жауап берсеңіз, 3 жылға жарамды сертификат тапсырылады. Тестілеуден өте алмай қалсаңыз 1 жыл ішінде қайта тапсыруға болады.
АҚМАРАЛ ЖОЛАЕВА - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл бастау бизнесі кеше бізде 25-шілдеден бастап онлайн ретінде басталды.Бүгінгі күнде көптеген адам өз өтініштерін беріп жатыр.бұл онлайн түрде өздері білмеген жағдайда бізде жұмыспен қамту орталығында өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Сол жерге келіп мамандардан кеңес алып оқуды бастап кеткендер де бар.03/10/05 Биылғы жылға бізге 273 бізде жоспар берілген.алда тағы 3 патогымыз бар. Осы 3 патокта тұрғындарға мемлекеттік грант беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүреді.
Қаперіңізде болсын, қайтарымсыз қаражатты кез келген адам иемдене алмайды. Жобаға өтініш беруге 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері ,атаулы әлеуметтік көмек алушылар,қандастар,мүгедектер,өзге өңірден қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар қатысуға құқылы. Сондай-ақ жиында қатысушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі де сөз болды. Өйткені қазірде оңай олжаға кенелемін деп жиған тергенін қаржы пирамидаларына құятындар көбейген.
СЕРІК УАЛИХАНОВ – ҚАРЖЫГЕР
Өңірде қаржы пирамидасы өзі өте көп болып кетті.жаңа ғана халықпен кездестік,халықпен сөйлестік әр біреуі осы қаржы пирамидасында болып шыққан, ақшасынан ацырылған. Біз үшін үлкен проблема осы сала.
Семинарға оңтүстік халқын Абай өңіріне қоныстандыру мақсатында келген делегация да қатысты. Олар Шығысқа қоныс аударатын халықты тұрақты жұмыспен қамтып, отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде субсидиямен қамтамасыз етеміз дейді мамандар.
АЛУА ҚҰРМАНҒАЛИЕВА - АБАЙ ОБЛЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Келген мақсатымыз, бос жұмыс орындарын толтыру мақсатында біріншіден,мектеп оқитын көпбалалы отбасылар болса өзімізге тартуға.себебі бізде білім саласында ,медицина саласында,витеринария саласында және де жәй жұмысшыларға тапшы болып отырмыз.
Айта кетейік, түркістан облысынан соңғы 5 жылда 36 тұрғын яғни 7 отбасы шығысқа қоныс аударған.