Мемлекеттік қызметкер қол астындағы маманнан ірі көлемде ақша талап еткен. Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Бұл жөнінде жәбірленуші құзырлы органдарға хабарлаған. Нәтижесінде Криминалдық полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп күдікті ретінде сарығаштық тұрғынды ұстады. Анықталғаны бөлім басшысы жұмыста қалу мүмкіндігі үшін қол астындағы қызметкерден миллион теңге сұраған.
МАРАТ ӘБДУРАХМАНОВ- ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Орын алған қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді. Жүйелі, жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде жедел уәкілдер Келес ауданы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Тінту кезінде полицейлер ұсталған тұрғыннан заттай дәлел ретінде ақша тәркіледі.Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда».