Түркістан
EN

"Аманат" партиясы Түлкібаста қабылдау өткізді

115
28.07.2022

Жер халықтың қазынасы. Осындай ұранмен «Аманат» партиясы «жер аманат» комиссиясын құрған болатын. Бүгінде ол арқылы 5000-нан астам ауыл шаруашылығына арналған жер халыққа қайтты. Түлкібас ауданы, Машат ауылының тұрғындарыда өздерін алаңдатқан жер мәселесін партияның шешіп беретіне сенімді. 

Машат ауылдық округінде 1500 гектар жайылым жер бар. Тұрғындар оның  640 гектарын тұрақты пайдалануда. Биыл қалған 300 гектар жерді ортақ пайдалануға қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

УАЛИХАН БОТАБАЕВ – ТҮЛКІБАС АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

470 гектарын биыл меморандумға тұрып, сол арқылы елдің жерін ешқандай кедергісіз мал жайылымға рұқсатын берген.

Ауыл тұрғындарын да толғандырғаны осы жердің жайы. Сөздеріне сенсек 500 гектар егістік алқапқа су жетпейді екен. Шалғайдағы ағайынды асырап отырған жер ана мен төрт түлік болған соң, салада қордаланған түйінді тезірек тарқатса дейді.   

СЕЙІТБЕК СҮТІНБЕКОВ – ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Халыққа қайтару мәселесі ең өзекті мәселе деп санаймын. Өйткені, 3600-дей қара мал ұстайды. 6000-дай уақ мал. 2200-ден астам жылқы ұстайды халық. Соған жайылым мәселесі толық шешілмеген.

Айта кетейік, кездесуде айтылған талап-тілектер қараусыз қалмайды. Тиісінше шешімін тапқанға дейін партияның бақылауында болады. Жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер облыстық және республикалық бюджеттен қаржы қаралуын қажет етсе, жауапты министірлікпен байланысу арқылы оңтайланбақ.