Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі Кентау мен Сауран тұрғындарымен кездесті

92
28.07.2022

Кентаулық 18 мың абономент алдағы екі жылда көгілдір отынға қол жеткізеді.Ол 3 кезең бойынша жүзеге асады. Ал биыл жыл соңына дейін халықтың 30 пайызы газбен қамтылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындармен кездесуде айтты. Естеріңізде болса осыдан 3 ай бұрын ғана облыс басшысы осы кенді қаланың халқымен кездескен. Онда газ, ауыз су, жол бойынша бас аяғы 26 мәселе көтерілді. Осы аралықта оның 16 сы шешімін тауыпты. Сапар барысында Өмірзақ Естайұлы кірпіш зауыттын іске қосты. Толығырақ әріптесім Жандос Тастемір айтып берсін.

Облыс әкімі әуелі жаңадан іске қосылған кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Зауыт айына 3 млн.  керамикалық кірпіш шығарады. Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 млрд. 720 млн. теңге инвестиция құйылған. Кәсіпорынның құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінде құрылысқа қажет материалдармен қамтылып, өндіріске керек пеш пен қондырғылары орнатылған. Қазір кірпіштің алғашқы легі шығарыла бастады. Аталған өндіріс ошағы  арнайы экономикалық аймақта орналасқан.

НҰРЛАН РЫСБЕК - ЗАУЫТ БАСШЫСЫ 

Түркістан облыс орталығы болғалы 2 жоба болған. соның екіншісі ашайын деп отырмыз. құны 1 млрд. 200 млн болып тұр. осы өңірді түгелдей қамтамасыз ете аламыз. күндігініе 200 мың кірпіш, жылына 45 млн шығарамыз.кірпіштің сапасы. өте сапалы кірпіш болады. бұл жерде түгелдейц автоматты болғандықтан көп адам жұмыс істемейді. 20 адам жұмыс істейді. артып-түсіруіне 40 адам істейді. болашақта оны да автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. 

Бүгінде Кентау қаласы табиғи газбен қамтылып, тұрғындарды орталық жүйеге қосу жұмыстары жүріп жатыр. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 1981 адам  техникалық шарт алу үшін өтініш берген. Бүгінгі таңда газдандырудың алғашқы кезеңі толық аяқталды.  ІІ және ІІІ кезеңдері нысындарын қысыммен тексеру жұмыстары жүруде. Ол тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарланған.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ      

Жалпы Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңнен тұрады. Қала бойынша газға қосылатын 18 000 абонент бар. Оның ішінде: 1 кезеңмен – 11300, 2 кезеңмен – 3500, 3 кезеңмен – 3200 абонент қамтылмақ.

Жамбыл облысы мен облыс орталығы Түркістанды байланыстыратын асфальт жол Ащысай ауылын кесіп өтеді.алайда, тұрғындар шаң жолмен жүріп, жол азабын тартып келеді. Кезедсуде тұрғындар осы жолдың еретерек бітуін сұрады. Облыс басшысы жөндеу жұмыстары тамызда аяқталанын айтып, тақтайдай тегіс жолмен жүретін күн алыс емес екенін жеткізді. 

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

"Кентау – өңіріміздегі жалғыз моноқала. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. Негізгі салаларда өсім бар. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады". 

Қалада кәріз жүйелерінің каөбі ескірген. Оны ауыстыруда қыруар ақшаны талап етеді. Дегенмен облыс басшысы алдағы уақытта бүкіл жүйе жаңаратынын жеткізді. Одан бөлек қалада 300 көп қаббатты үйдің 70 пайызға жуығы жаңартудан өтті. осы іс алдағы уақытта жалғасын табады. Ол үшін қазынадан 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Ауыл ел бесігі бойынша елді мекендерден білім ошақтары бой көтеріп, жолдар салынады. Тұрғындар биыл балалар жылына байланысты балалар кітапханасын жаңартып, ойын алаңшасын салуды ұсынды. Сондай-ақ, қаладағы жүзу бассейні облыстық спорт басқармасына өтіп кеткен. Содан бері есігі тарс жабық тұр. Балаларымыз жазда шомылатын жер таппай сандалып жүр деген тұрғындар соны қаланың баланысына өқткізіп, ертерек ашып беруді сұрады. 

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

ҚАНАТ ЖОЛДЫҚАРАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Әрбір өтініштің заң аясында шешілетінін айтқан.Өмірзақ Шөкеев кездесуден кейін бірнеше тұрғынды жеке қабылдады.