Түркістан
EN

Электр қуаты арзандамайды

28
01.07.2021

Жаңартылған энергия көздерін іске қосып, оның көлемін арттырғанымен, электр энергиясының құны төмендемейді. Яғни күн мен желден энергия алатын станциялардың көптеп салынуы жарық бағасына өзгеріс енгізе алмайды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Сондай-ақ оның айтуынша, биылғы жылы баламалы энергия көздерін өндіретін 23 станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Ол үшін қазынадан 370 млн. доллар қаражат бөлінген.