Түркістан облысында 20 мыңға жуық азамат алимент төлеуден жалтарып жүр. Бұл туралы облыстық әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді. Сот орындаушыларының күшімен тек 2075 ата-ана ғана берешегінен құтылыпты. Бүгінде сот талапттарын орындаудан жалтарған 179 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тағы 10 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әділет департаменті нотариус, адвокаттардың да қызметін жіті қадағалауда.
МҰХИТ ТҰРҒАРАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Арттыру курстарының 5 қызметкері Қазақстан республикасының мемлекеттік академиясы Түркістан облысының филалынан өтті. Ал департаментке жеке және заңды тұлғадан жалпы 1615 өтініштермен арыз шағымдар түскен. Ал 2021жылы 1350 өтініш түскен болатын.