Түркістан
EN

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі ауысты

104
28.07.2022

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі ауысты. Бұл қызметке Нұрбек Бадырақов тағайындалды. Ол осыған дейін облыстың ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған. Аудан басшысын өңір активіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Нұрбек Бақтыбайұлы 1988 жылы туған. Су ресурстары және  пайдалану, құқықтану мамандықтарын меңгерген. Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастаған. Одан кейін жылдарда түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.