Түркістан
EN

«Шежірелі шарбұлақ» атты кітаптың тұсауы кесілді

475
27.07.2022

Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауылында тағылымы мол «шежірелі шарбұлақ» атты кітаптың тұсауы кесілді. Кітаптың авторы осы ауылдың тумасы Кәрім Аппазұлы. Ол өзі туып өскен Шарбұлақтың тарихы мен шежіресін жазып шыққан. 600 дана туындының жарыққа шығуына кәсіпкерлер көмектескен. Сондай-ақ, 5 мың теңгеден сатылып бастаған кітаптың ақшасы арнайы ауылдың қорына аударылатын көрінеді.

Негізгі мақсат кейінгі ұрпаққа тарихты жеткізу. Кейінгі ұрпаққа ата-бабаларының тарихын қалдыру.қанша жылдан бері жазылмады осы ,көп адам білмейді.сол білмегендерді білдіру еді.

Салтанатты жиынға аудан әкімі мен ауыл тұрғындары қатысты. Келген қонақтар кітап жайлы пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында кітап авторының иығына шапан жауып астына ат мінгізді. 

СНХ: ТАНАБАЙ ШЫНТАСОВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 

Бүгін шежіренің шығуы бұл үлкен бізде тарихи күн.,себебі қазақ кішкентайымыздан 7 атаңды біліпөс,тегіңді біліп өс деген халықтың ұрпағымыз. Сондықтан бұл жердегі мақсат тек қана мынау бір руды марапаттау немесе бір рудың шежіресі емес,.бұл елдің ынтымағы мен бірлігі арта түссе дегенн ниетпен ол жаңағы шежіре деген бұл біздің қанымыздың тазалығы екенінне рухани азық болсын деген ниетіміз бар.