Бизнес жобаң болса, мемлекеттен миллион ал... «ZHAS PROJECT». Дәл осындай атаумен жастардың осал топтарына арналған гранттық жобаға өтінім беру басталды. Ол үшін Қоғамға пайдалы жоспарыңыз болса жеткілікті. Игі бастама жайында тілшіміз тарқатады
Түркістандық Алина Марат «ZHAS PROJECT» жобасына өтінім беру басталғанын біле сала, сұраныс беруге асықтым дейді. Тілінде мүкістігі бар балалар мен ересектердің анық сөйлеп кетуіне септігімді тигізсем деген жоспары бар. Әсіресе инсульттан зардап шегетін қарт адамдардың қайта оңалуына ықпал етуді көздейді.
АЛИНА МАРАТ -ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 24-NAME_RGB1
«Бұл жобаға өтінім беру басталғанын естіп қуанып қалдым. /Көптен бері бір жобаны қолға алғым келіп жүрген. Жұмыссыз жас ретінде менің ұсынысым- тілінде мүкістігі бар балаларды емдеу орталығын ашу. Әрбір бала ана тілінде анық сөйлеуі керек».
Бастамаға 63 млн тееге қарастырылған. Жобасы пайдалы әр қатысушы 1 млн теңгеден ала алады. Бұл республика деңгейінде ұйымдастырылғанымен, еліміздің жастар саны көп 4 аймақта ғана қолға алынып отыр.
«Оның ішінде Түркістан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау бар. Кез-келген адам қатыса алмайды. 6 санат: Жұмыссыз болып тіркелгені керек, 18-29 жаста болуы шарт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балалар және мүгедектігі бар азаматтар өтінім бере алады. «Алтын алқа», «Күміс» алқалы аналар сұраныс жібере алады».
Жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғам өміріне тарту және ел игілігі үшін халыққа пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.
ТОҚТАР БОЛЫСОВ – ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
«Бұл бағыттардың ішінде білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бар. Азаматтардың денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен жастар саясаты мен балалардың бастамаларын қолдау. Оның ішінде мәдениет пен өнерді дамытып, тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу да бар».
Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады. Бүгіннен бастап 10 тамызға дейін жалғасады. Сондай-ақ, қатысушыларды қолдау мақсатында жұмыс кестесіне сәйкес жобалық кеңсе және колл-орталық жұмыс істейтін болады.