Тұран шағын ауданы өркениеттен алыс қалған

182
27.07.2022 04:06

Шілденің шіліңгір ыстығында ауызсу мен жарыққа жарымай отырмыз. Тұран ауданының тұрғындары осылай деп шағымдануда. Тұрғындар 10-ға жуық көшеге ортақ бір ғана трансформатор болғандықтан электр қуаты жетпейді. Ал ауызсу болса, жиі тоқтап қалады деп налиды. Толығырақ тілші материалында

Гүлназ Бекенова аптап ыстықта үйіндегі тоңазытқыш пен ауа салқындатқышты қолдана алмай отыр. Себебі электр жарығы жоқ. Араға күн салып жарық болмаған соң тоңазытқыштағы азық-түлік те бүлініп жатыр. Бүлінген азықты амал жоқ тастауға мәжбүр боламыз. Қажетті ауызсудың жиі тоқтауына байланысты суды алыс аймақтан тасып ішеміз дейді тұрғын. 

Жергілікті тұрғындар жауапты мамандарға барып өз мәселелерін айтқан. Алайда ешқандай нәтиже көрген жоқпыз дейді. Сондай-ақ қаламызда қосылғанына 2 жылға жуық уақыт болған қауырт желі «109-ға» да хабарласқан тұрғындар бұл қызметтен де қайран болмады деп отыр.  

Бір күні су өшеді, бір күні жарық сөнеді, қайтадан 2 күннен кейін су өшеді. Осы біздің көріп отырған күніміз. Судың ағатын қуаты болса, өте баяу. Жәй ағады өлер өлмес. Түсінбедік біз. Жаңа Қазақстан дегені қайда? Шырылдап әрқайсысына да жазып жатырмыз. 109-ға да хабарласып жатырмыз, жауапты инспекторларға да шықтық. Бүгін Ғани деген кісімен ЖКҚ-ның бастығына да бардық. Автомат істен шыққан деп  өздері мойындап отыр. 

Электр жарығы жиі сөне берген соң кейде трансформаторға барып өзіміз қосамыз. Ал кейде оның есігі ашық қалады. Балаларымыз тоққа түсіп қала ма деп алаңдап отырамыз дейді жергілікті тұрғындар. 

МАРАТ БАЙТЕЛИЕВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біз көшіп келгкен кезде айтқан әр 3 көшеге 1 трансформатор болады деп. Ал дәл қазір трансформатордағы сымдар ұрланып жатыр деп жауып кетті. Бірақ берілу керек деп белгіленгеннен кейін тиісті орнына қойылуы керек. Біз өтінім бергеннен соң осы 35-ші көшеге трансформатор қойылған. Баста қойғанына қуанған едік. Бірақ қазір үйлер көбейіп жатыр. Сәйкесінше трансформатордың санын да көбейту керек. 

 АБДУЛЛА МҰСАБЕКОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Жарық жанған күннің өзінде тоңазытқышты қоссақ ауа салқындатқышты қоса алмаймыз, оны қоссақ мынаны қоса алмаймыз. Бір сөзбен айтқанда жарықтың күші келмейді. Жетпейді. Тоңазытқыштағы заттарымыз бүлініп жатыр. Біз не істеуіміз керек. Не жазығымыз бар?

 Айта кету қажет, дәл осы ауданда бір жыл бұрын тұрғындар аталған жарық мәселесі мен қоғамдық көліктің жетіспеуі бойынша шағымданған болатын. Араға бір жыл салып аталмыш мәселе бойынша тұрғындар қайта өтініш тастады. Демек мәселелер шешімін таппаған. Екінші жыл қайталанып отырған жарық пен су мәселесі жайында жауапты мамандардан сұрап, білдік.

СЕЙТМҰРАТ СЕЙЛБЕКОВ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

Қазіргі таңда Тұран ауданына тұрғындар енді келіп қоныстанып жатыр. Ал тоқтардың тозығы жеткен жерлері бар. Енді трансформатор аз дегенде жоба бойынша анықтап жатырмыз. Қанша тұрғын үй бар сол тұрғын үйге шақтап, сәйкестендіріп трансформаторлардың санын көбейтетін боламыз. Құрылыс жұмыстарының мерзімі 1 жарым 2 айды құрайды. 2 айда толық бітеді. 

Электр жарығын пайдалану бойынша әрбір отбасына 5 киловат деп есептеледі. Шамадан тыс электр жарығын пайдалануына байланысты жарық қуаты сәйкесінше жетпейді екен. Ал ауданда тұрғындар аз болғандықтан трансформаторлар да аз, егер алдын ала трансформаторлар орнатсақ, ұрлық көбейеді дейді жауапты мамандар. Алдағы уақытта мердігер компания конкурс нәтижесінде белгіленсе жарық мәселесі толық шешілмек. Ал ауызсумен аудан толық қамтылған. Жаз кезінде адамдар егін суғаратын болғандықтан судың кысымы азайып қалады дейді әкімдіктегілер.