Түркістан
EN

Көшеде көкпар тартқандар жол қозғалысына кедергі келтірді

107
27.07.2022

Көшеде көкпар тартсаң қамаласың... Бір топ шабандоз көкпар тартамыз деп, көшеде жол қозғалысына кедергі келтіріп, маңайдағыларға қауіп төндірді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып, оларға шара қолдануды талап еткен еді. Алматы облысы Полиция Департаментінің өкілдері көкпарды 50 жастағы ауыл тұрғынының жеке мерей тойына орай ұйымдастырғанын анықтады. Ойынға әкімдік рұқсат бермеген. Қазіргі кезде Талғар тасжолында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамауға алынды.