39 КӨЛІК АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛДЫ
ЖЕДЕЛ ТҮСІРІЛІМ
Қауіпсіз жол акциясы Түркістан облысында қарқынды жүріп жатыр. Автобусты стандартқа сай емес жатын салонмен жабдықтаған жүргізушілер анықталды. Тексеріс барысында 1600-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген. Шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту. Сондай ақ, жол ережесін бұзудың алдын алу. Тәртіп сақшылары шара басталған 5 тәулік ішінде 1568 әкімшілік хаттама түзді. Оның ішінде 4 азамат мас халде көлік тізгіндеген. Жалған мемлекеттік нөмір таққан – 2 адам анықталса, қарсы бағытқа шыққаны үшін 4 хаттама толтырылды. Қоғамдық автокөліктерге де тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 69 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Одан өзге, 39 автокөлік айып тұрағына қойылды.