Республикалық «Қауіпсіз жол» акциясы Бәйдібек ауданында да өтіп жатыр. Мақсат - жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға шақыру. Аталған акцияның өткізілуі тегін емес. Өйткені, Қазақстанда жол апатынан қаза табатындар саны жыл сайын артып келеді. Бір айлық шараның алғашқы 8 күнінде рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау сынды ереже бұзған жүргізушілер анықталды. Кейбіреулері ішімдік ішіп көлік айдаған болса, енді бірі құжатсыз жүр. Ереже бұзушылықтың жартысына жуығы жаяу жүргіншіні жолақтан өткізбеуге қатысты. Жолдағы қайғылы жағдайлардың көбейіп кетуіне басты себеп - жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыратыны және өздерін тым кәсіби шебер сезініп мас күйінде көлік басқаратындар дейді полиция мамандары.
СЕРІК ҚАРАБАЕВ - БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ӘКІМШІЛІК ШАРА КӨРУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ 24-NAME_RGB1
«жол ережесін бұзған азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылуда. аудан тұрғындары жол ережесін сақтауды сұранамыз.жол ережесін бұзбай,жол-көлік оқиғаларының алдын алу. жасөсіпірімдердің автокөлік басқаруына бермеку туралы»