Суармалы егін су тапшы. Сондықтан болар еңбегіміздің берекесі кетті. Ордасылық шаруалар осылай дейді. Сусыз қалудың басты себебін өзен бойында орналасқан жеке демалыс аймағының салынуымен байланыстырады. Яғни кәсіпкер су арнасын бұзып, бөгеттеп алған. Тіршілік нәрінен тарыққан ордабасылық шаруалардың жай күйін тілші тарқатады.
Қайырбек Жантөренің егін егіп, жан бағып келе жатқанына 30 жылға жуықтаған. Бірақ, соңғы 5 жылда судың тапшылығын көріп келеді. Содан бері еңбегімнің жемісін көре алмай қалдым дейді шаруа. Егіншілікпен отбасын асырап жүрген Қайырбек бүгінде жұмыссыз.
Өзен бойына балық шаруашылығын дамытуға арналған нысан салынғаннан бері маңайдағы ауылдарда су проблемасы басталыпты. Ең қызығы әу баста балық өсірумен айналысады деген орын ойда жоқта адамдар демалатын аймаққа айналып шыға келген. Енді егіншілікпен айналысып келген 7 ауыл су тапшылығын көріп отыр.
МАРАТ ЕЛҚОНОВ - ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 24-NAME_RGB1
Жергілікті әкімдіктегілер бұл мәселеден хабардар екен. Тұрғындардың шағымынан соң, олар тек бұлақ көзін ашып, тазалап берген. Бірақ, халықтың қалауы бұл емес. Ал жергілікті билік жұрт талабын шешу жолын әлі білмейтін сыңайлы.
CЕРҒАЛИ ҚҰРЫМБЕКОВ - БӨРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 24-NAME_RGB1
Өзеннің арансының өзгергені заңсыз! Себебі, Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы мамандары келген кезде олар сондай қортынды берген болатын. +Қалай шешпексіздер? Енді ақылдасып шешеміз. Сосын жауабыг айтармыз
Мәселенің туындағанына 5 жыл өтсе де әкімдіктегілер әлі күнге ақылдасудан ары аса алмай жатыр. Шымкенттік шенеуніктерге де талай рет хат жолданған, бірақ неге екені белгісіз әзірге жауап жоқ. Сусыз қалған 13 мыңға жуық тұрғынның жауаптылардың жауабын күтуден басқа амалы қалмаған.