Түркістан
EN

Жайылым жерлер елге қайтарылады

62
27.07.2022

Жайылым қорын молайту – өте маңызды әрі жауапты мәселе. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары әзірленуде. Елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету бойынша әр айға жоспар кестесі бекітілген. Аталған жұмыстар 2 бағытта жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері елді мекен тұрғындары 325,5 мың гектар жайылыммен қамтылды. 58,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, меморандум арқылы 267 мың гектар жайылым елге берілетін болады. Қазірдің өзінде 30 пайызы қайтарылып үлгерген. 

Жайылым қорын молайту – өте маңызды әрі жауапты мәселе. Аудан әкімдері жауапты басқармалармен бірлесіп жұмысты жалғастырулары тиіс. Біздің меже – бір миллион гектар жайылымды қайтару. Қазірдің өзінде 30 пайызы қайтарылып үлгерді. Меморандум арқылы жақсы жұмыс істеліп жатыр. Жердің иелері жайылымға мұқтаж жандар өздерінің ауылдастары екенін түсінулері тиіс. Игерілмей жатқан жерді ешкім бос қалдырып қоя салмайды. Әр ай сайын осы мәселе аппарат отырысында күн тәртібіне енгізіліп тұрсын. Жайылым мәселесі тікелей қадағалауда болады