Қант бағасы күзге қарай арзандауы мүмкін. Бұл жайында қр ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. оның айтуынша, ресей федерациясы қант экспортын күзге дейін шектеген. Күзде көрші ел қант қызылшасын жинап алады. Осыдан соң Ресей мен Беларусьтен елімізге қант жеткізілмек. Сонымен қатар шілде айының басында республикадағы қант қоры 28 мың тонна болса, айдың соңына дейін 37 мың тонна қант өндіріліп, жалпы, республика бойынша қант балансы оң сальдоны көрсетеді , - деді министр.
Әкімдіктер қорларын ескере отырып,республика бойынша қанттың жалпы қоры тамыз айының аяғына дейін 118 мың тоннаны құрайды деп жоспарлап отырмыз.,нарықтың қамтамасыз ету қоры 169 пайыз.сол себептен негізі бізге осы тамыз айында өз өзімізді қамтамасыз етуге қанттың қоры жеткілікті.
Айта кететін жайт, дәл осы қант тапшылығы мен бағаның шарықтауына қатысты мемлекет басшысынан сөгіс алған екі министр де қант жемейтін болып шықты.
БАҚЫТ СҰЛТАНОВ - ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ