Түркістан
EN

Қазығұрттық әжелер салт дәстүрлерді жаңғыртты

89
26.07.2022

Босаға майлау, тұсау кесу, бала аунату... Мұның бәрі қазақтың дәстүрлері. Қазығұрттық әжелер ұлтымыздың ұмыт бола бастаған осындай салт-дәстүрлерін дәріптеп, жастар арасында насихаттауды қолға алған. тілшіміз толықтырады.  

2018 жылы Қазығұрт ауданы Жігерген ауылында ардагерлер кеңесінің жанынан әжелер кеңесі құрылған еді. Ондағы мақсат – елді ынтымақ-бірлікке үндеп, отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақтың салт- дәстүрін өскелең ұрпаққа насихаттап, саналы жастар қатарын арттыру дейді қариялар.

Ауылымыздың табиғаты қандай тамаша болса, адамдары да ерекше мейірбан , ауызбіршілігі мықты . Қазағымыздың рухы, салт –дәстүрі , ұлттық құндылығы осы ауылда сақталған. Әжелер кеңесінің 11 мүшесі бар, олардың барлығы дерлік зейнетке шыққан ұлағатты ұстаздар мен дәрігерлер. Әжелердің ендігі міндеті ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді жастар арасында насихаттау. 

Үйге сыйлы, абыройлы адам келіп , қонақ болса, осы сәтті пайдаланған ауыл тұрғындары кішкентай нәрестені сол сыйлы адамның орнына ырымдап аунатып алған. Бұл да бір қазақтың ұмыт болып бара жатқан керемет  дәстүрлерінің бірі.

САЙЛАУ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА - ЖІГЕРГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘЖЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Қариясы бар ауылдың қазынасы бар деген. аядай ауылды айрандай ұйытып, ынымақ-бірлікте ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп отырған әжелердің әрекеті көпке үлгі.