Естеріңізде болса, өткен аптада «Отырар» мөлтек ауданында қайғылы жағдай болған еді. Марқұмның көршілерінің айтуы бойынша, әйел жуынатын бөлмеде тоққа түсіп көз жұмған. Онсыз да тоқтан зардап шегіп жүрген жұрт бұл жағдайдан соң үрейіміз үдей түсті дейді. Амалы таусылған тұрғындар бүгін жауапты мамандарды іздеп барып, тұрғын үйдің электр сымдарын тексерістен өткізіп беруін талап етті.
Бұл осыдан 2-3 жыл бұрын қолданысқа берілген ел арасында ШНОС аталып кеткен «Отырар» мөлтек ауданы. Бүгін дәл осы тұрғын үйдің тұрғындары қалалық әкімдікке ат басын бұрды. Көп қабатты үйдегі электр сымдарындағы кінаратты өз көздерімен көрсін деп жауапты мамандарды тұрғын үйге алып келді.
ШОЛПАН СӘРСЕНОВА - ТҰРҒЫН
БІЗДІҢ ЖАН АЙҚАЙЫМЫЗ ОСЫ ЗАЗЕМЛЕНИЕНІ ДҰРЫСТАП БЕРСІН,СУҒА ШОМЫЛУҒА ДАННЫЙ МОМЕНТ ҚОРҚЫП ОТЫРМЫЗ.
Осылайша жауапты мамандар электрикпен бірге пәтерлерді аралады. Нәтижесінде кей пәтерлердің электр тұйықтағышы жалғанбаған, ал енді бірінде талапқа сай емес болып шықты.
ӘДІЛ ШАКАРИМОВ - инженер-электрик
Бұл домдарда баста істелген кезде өзі орны болады заземление деген. Сол біраз жерлерде кесіп тастаған,жалғамай қойған. Жалғанса да орап қойған орнын қатырмаған. Тоққа ұшуы мүмкін.
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімінің қызметкерлері де мән-жайға қанық болды. Олар ендігі кезекте тұрғын үйді арнайы тәуелсіз сарапшылар толық тексерістен өткізетінін айтты. Тексеріс барысында электр жүйесінен ақау анықталатын болса, мердігер тұрғын үйлерді қайта қалпына келтірмек.
АЛМАС БАЙЖАНОВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Анықталған мәселе бойынша мынау 18 үйге келіп,аралап пәтерлерді қарап шықтық.Яғни бұл жерде жаңағы заземление дейді 1-2 пәтерлерде ақаулықтар анықталды.Ол енді қайта мердігердің есебінен қайта қалпына келтіріліп берілетін болады. Содан соң 60 пәтердің барлығын қарап тексеріп шығады.
Еске сала кетейік, аталған үйлердің бірінде 20-шілде күні 52 жастағы тұрғын жуынып жатқан кезде тоққа түсіп қайтыс болған болатын.