Түркістан
EN

Тұран мен Астана тең ойнады

117
26.07.2022

Футболдан Қазақстан кубогі топтық кезеңінің 3-і турында Түркістандық Тұран Астананы қабылдады. Командалар 1-1 есебімен тең тарқасып, 1 ұпайдан бөлісті. Толығырақ теңбіл доптың куәсі болып қайтқан  әріптесім тарқатады .

Бірінші таймда командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Алайда Ойынның екінші таймы бастала сала түркістандықтар есеп ашты. Ойынның 47-і минутында Астана қорғаушыларының қателігін ұтымды пайдаланған Тұран ойыншылары комбинациялық шабуыл ұйымдастырып, Бекзат Қабылан кездесудегі алғашқы голды соқты. 

Алайда, 65-і минутта Ұлттық Құраманың шабуылшысы Абат Айымбетов есепті теңестірді. Осылайша, ойын 1-1 есебімен аяқталды. 

БЕКЗАТ ҚАБЫЛАН    «ТҰРАН» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ҚОРҒАУШЫСЫ 

«Жақсы өтті деп ойлаймын. Шүкір!Бапкеріміздің айтқанын істедік. Жатып ойнадық. Бірініші голды өзіміз салдық. Кішкене қорғау жағынан қате болды. Бір голды жіберіп қойдық. Кішкене қиын болды ойын. Астана командасында көптеген жақсы ойыншылар бар. Еуропада ойнап жүр өздері». 

Тұран футбол клубының бас бапкері Сергей Когай ыстық ауа-райы екі команданың да тактикалық жоспарларын жүзеге асыруына мүмкіндік бермегенін айтты. Оның үстіне, қарсылас та өте тәжірибелі, мықты команда дейді бас бапкер.