Түркістан
EN

Денсаулық сақтау министрі Отырар ауданына барды

101
26.07.2022

Отырар ауданында цифрлы дәріхана халық игілігіне берілмек.  Еліміздің бас дәрігері Түркістанға келген сапарының  екінші күнінде арнайы Отырарға ат басын бұрды. Денсаулық сақтау министрі жаңа «Smart» дәріхананың ерекшеліктерімен танысып қайтты. Сонымен қатар елімізде, оның ішінде шалғай жатқан ауылдарға цифрлы дәріхана орнату керектігін баса айтты. Кездесу барысында Ажар Ғиният  «Alaqan» құрылғысы, «Super mama» қосымшасы, «EyeSee» офтольмологиялық көз аппараты, «Smart-ЭКГ» жүрек аппаратын байқап көрді. Бұдан бөлек, Neuro Clinic медицина орталығы аудандық ауруханамен бірлесе отырып орналастырған Телемедицина кешенінің жұмысымен де танысты. Жалпы, Отырар ауданында медицина саласына халық игілігі үшін әкелініп жатқан заманауи қондырғылар аз емес. Аз ғана уақыттың ішінде түрлі қызметтер атқаратын 10 ға жуық аппараттар жеткізілген. Аудан медицинасының дамып жатқанынын байқаған министр оң бағасын берді.