Түркістан
EN

Жүгенсіз жүргізушілерге жаза қатаңдайды

93
26.07.2022

Ендігіден былай бір жылда 5 рет жол ережесін бұзсаңыз, 50 пайыздық жеңілдіктен қағыласыз. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Оның айтуынша,  Ішкі істер министрлігі  365 күнде бестен артық әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға 50 пайыздық жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастауға түзетулер енгізіп жатыр. Бұл мүмкіндік 2015 жылдан бері қолданысқа енген еді. Жеңілдік бейнебақылау камералары түсірген заңбұзушыларға қолданылмаған болатын. Бұдан бөлек,  мемлекеттік нөмірсіз көлік тізгіндегендерге жауапкершілік күшейтілген  

ЖАНДОС МҰРАТАЛИЕВ - ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

«Атап айтқанда, түзетулермен мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді қайта басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің жаңа құрамы енгізілді. Бұл үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе бір жыл мерзімге құқықтан айыру қарастырылған. Бұрын бұл норма Кодексте болмаған.Сонымен қатар, көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлікті басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Айыппұл алынып тасталды. Енді аталған құқықбұзушылық үшін тек бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу ғана қолданылады».