«Бай-қуатты болайық». Ел арасында осындай тіркесімен танымал тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен телевизия саласының тарландары сондай ақ, жақын туыстары мен ізбасарлары қатысты. Шымкентте өткен көрме жайлы Шынар Әділханқызы айтып береді.
Бұл көшпелі көрменің алғашқы маусымы емес. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ұйымдастырылған көрме енді шырайлы Шым қалада өткізіліп жатыр. Жалпы шараның негізгі мақсаты журналистика ардагерінің қоғамдағы рөлі мен сіңірген еңбегін насихаттау. Сондай ақ, жас ұрпақ бойына патриоттық рух қалыптастыру.
ҚАРЛЫҒАШ ТАБУЛДИНОВА – Н. ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ ЖАРЫ
Нұртілеу Иманғалиұлын білмейтін қазақ жоқ. Әсіресе оңтүстік өте қатты құрметтейтін. Теле маман, телепублицист ретінде бұл кісі үлкен қоғам қайраткеріне айналды. Телеарнада 47 жыл өмірінің соңына дейін қызмет жасады. 05/06 200-ге тарта экспонаттар қойылған солардың барлығы артынан еріп келе жатқан журналистерге үлгі болсын, сабақ болсын деп көрсетіп жатырмыз.
Жиынға телевизия саласының тарландары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Белгілі тележурналистің жақын туыстары мен ізбасарлары да болды. Олар Иманғалиұлының иманды жүзі мен есте қалған естеліктерімен бөлісті.
ЖАНАХМЕТ АҒЫБАЕВ – "TURKISTAN MEDIA HOLDING" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Қазақта бір сөз бар. Ол ащы болса да шындық. Көзден кетсе де, көңілден кетеді деп. Әрина ағамыздан көзімізден кетті. Бірақ осындай көрмелер арқылы ол кісіінң мол мұрасын қайта жаңғыртып, еске салып тұру арқылы көңілімізден кетірмеуіміз керек. Сол жағынан алғанда өте қуаныштымын. Осындай көрме болу керек.
Жалпы көрмеге Нұртілеу Иманғалиұлының ұлттық киімдері, жеке қолжазбалары мен жұмыс үстеліндегі бұйымдары қойылды. Одан өзге, наградалары мен қанжар, қамшы, домбыра сынды 200-ге тарта жеке заты орналастырылған. Көшпелі көрмені еліміздің тағы өзге өңірлерінде өткізу жоспарда бар.