Диктор: Су жаңа үй апатты жағдайда болып шықты. Түркістан облысындағы Састөбе ауылында өткен айда ғана жаңа қонысқа ие болдық деген тұрғындардың қуанышы көпке созылмады. Олардың айтуларынша, ауылдағы екі қабатты баспаналары өртеніп кеткен соң, әкімдік араға 8 ай салып, сүйіншілеп берген су жаңа үйі апатты жағдайда болып шыққан. Өрттің кесірінен онсыз да далада қалдық деп әбіржіген жұрт атқамінерлер жаңа үй беріп жарытпады деп налиды. Толығырақ тілші материалында
Шум: Мынау сквозняктан жарылған вот. Постоянно сквозняк болып тұрады. Это тоже сквозняктан жарылған.
КСМ: Үп еткен желге жаңа үйіміздің сырты түгілі іші де шыдас бермей жатыр деген жұрт баспаналарының сапасы сын көтермейді дейді. Жаңа үйлерінің 4 -ші қабатына су бармайды деп ренжулі. Тек тамшылап қана әзер жететін тіршілік көзін ыдыстарға құйып қойып, тұтынбасқа амалымыз жоқ. Жылдап күтіп, әзер қолымыз жеткен баспанамыздың қабырғалары ойылып, есік-терезелері қисая бастады дейді ашынған тұрғындар.