Түркістан
EN

Түркістанда саябақтағы мүліктерді сындырғандар ұсталды

172
23.07.2022

Саябақтағы қоқыс жәшігі мен 3 орындықты сындырып кеткен жасөспірімдер ұсталды. Вандалдардың әрекеттері бейнебақылау камералары арқылы әшкере болды.

Құқық бұзушылар бір-бірімен көрші тұратын Түркістан қаласының азаматтары болып шықты. Жас жігіттер істеген істеріне өкінетінін айтып, кінәларын мойындап отыр.

 ГҮЛНАР АБДУЖАППАРОВА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Анықталғандай, құқық бұзушы үш жасөспірім таңғы 04:55 шамасында қыдырып жүріп, қызық үшін өрескел әрекетке барған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабымен «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.