Түркістан
EN

Жетінші қабаттан екі жасар баланы құтқарды

94
23.07.2022

Алматыда студент жетінші қабаттан құлап кете жаздаған екі жасар баланы аман алып қалды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 21 шілде күні 18 қабатты «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешенінде болған. Кішкентай бала жетінші қабаттағы өрт баспалдағының қоршауына қысылып қалған. "Баланың басы темір торға қысылып, денесі мен қолы сыртта, салбырап тұрды. Ал 19 жастағы Ерасыл Махмұд ойланбастан көмек беруге жүгірді»,- дейді оқиға куәгерлері. Бейбіт күннің батыры Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің студенті екен.