Жедел-жәрдем жедел жетпейді. Тұрғындар осыны айтып жиі шағымданады. Жақында бұл мәселе де шешімін таппақ. Олай дейтініміз Түркістанда жаңа облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы іске қосылмақ. Бүгін Рухани астанаға арнайы ат басын бұрған денсаулық сақтау министрі мекеменің жұмысымен танысып, оң бағасын берді.
Жаңадан салынған Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы 25 бригадаға арналған. Санитарлы автокөліктері да талапқа сай. Жедел медициналық көмек көрсетуге қажетті дефибриллятор, кардиостимулятор, кардиоверсия, кардиомонитор, электрокардиограф, ИВЛ аппараттарымен, оттегімен және электрлік, механикалық сорғыш аппараттарымен жабдықталған. Заманауи нысанды жақын арада пайдалануға беру жоспарда.
АҒАЙША АМАНЖАЛОВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл типтік ғимарат. 3 қабаттан құралған. Бірініші қабаты әкімшілік бөлімі, екінші этажы жедел-жәрдем бекеті, Соңғы қабаты оперативті бөлім.оперативті бөлімде 103 қабылданатын диспечерлік қызметіміз».
100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған мединциналық нысан Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорнының демеушілігімен бой көтерген. Инвестиция көлемі – 1,4 млрд теңге.
.