Түркістан
EN

Қазығұрт ауданында 15 жастағы өнерлі оқушы тұрады

124
23.07.2022

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының небәрі 15 жастағы тұрғыны кәсібін дөңгелетіп отыр. Қаршадай қыз аяқ киім тоқиды екен. Ол Алматы қаласынан аяқ киім табандарын алдырып, бетін заман талабына сай түрлендіреді. Жасөспірім бұл кәсіпті 5 жасында бастаған. Уақыт өте келе жұмысына қызығушылығы артып, дамыта түскен. Бес саусағынан өнер тамған қыз туралы тілшіміз Шынар Әділханқызы тарқатсын. 

Анеля аяқ киім тоқуды 2 жыл бұрын түпкілікті қолға алған. Бүгінде оның жұмысына оң бағасын беріп, кем-кетігін түзейтін  анасы. Алғашқы тұтынушылары сыныптас құрбылары мен ауылдастары болған.  Бүгінде оның қолынан шыққан туындылар алушыларды қызықтырмай қоймайды. Анасының айтуынша, сапалы, әдемі дүниелеріне жұрт ерекше қызығушылық танытатын көрінеді. 

АРАЙЛЫМ ҚҰРБАНОВ – АНАСЫ  

классқа келгенде қолымдағы жіптерді алып, мен 1-2 жолын көрсетіп едім бұл алып кетті. Бұл қыздың қызығушылығы бар екенін байқап, өзі инстаграмға қарап мынадай екен деп жолдарын түсіндіре отырып едім өзі тез қабылдап, өзіне көп нәрсені тез ұғынды. 

Талантты қыздың айтуынша, тапсырыс көбіне әлеуметтік желі арқылы келеді. Бүгінде өз қолынан шыққан аяқ киімнің ең қымбаты 10 мың теңгеге саудаланған. Тіпті аудан әкімінің өзі оның жасаған жұмысын сатып алып, оң бағасын берген екен. Оқушы қыздың алдағы арманы ерек. Дизайнерлік оқуға түсіп, аяқ киім тоқитын шағын цех ашу. 

АНЕЛЯ ТҰРҒАНБЕК – 10 - СЫНЫП ОҚУШЫСЫ  

2-сыныпқа өткен кезімде уже жіптерді ұстап үйрене бастадым. Мамам тоқитын кружок әкеліп берді. Кружокты алып, шәйнектің астына өлшеп тоқи бастадым.  Үйреніп кеттім өзім қызық болды. Үйге небәр шәйнектер тоқыдым. Сосын киімдер тоқи бастадым. 

Қазығұрттық қаршадай қыз бүгінде аудан мақтанышы.  Өңірден өзге, республикалық сайыстарға қатысып, топ жарып жүр. Мәселен, жақында өткен «Арт Бәйтерек» республикалық байқауында «Қолөнер» номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлаған. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында өтетін супер финалға дайындық үстінде.